Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені иемдену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы сотының шешімімен борышкер «С» өндіріп алушы «Б»-ға 1 275 000 теңге қаражатын өндіріп беруге міндетті болған. Белгіленген қаражат борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушысының есеп шотына аударылып отырған.
Ол өз кезегінде қаражаттарды өз қажеттілігіне жаратқан. Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру 15.05.2024ж. тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Жосықсыз жеке сот орындаушысы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді