Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
«Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, оқиға 22 наурызда сағат 19:30-дар шамасында Тұран-1 шағын ауданында (Қайтпасқа қарай бұрылыста) болған.
Алдын ала мәлімет бойынша BMW тігіндеген 39 жастағы жүргізуші Lexus көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан қатты соққы BMW көлігінің алдыңғы жолаушылар орындығы орналасқан жағына тиген. Орындықта отырған 27 жастағы жолаушы қайтыс болды.
BMW көлігінің жүргізушісі мен екінші жолаушысы түрлі дене жарақаттармен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Ал Lexus көлігінің рөлінде 2004 жылғы жүргізуші болған. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді