29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте зейнеткердің ұрлық жасаған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция дерегінше, телефонын орнынан таппаған азық-түлік дүкенінің қызметкері болған оқиға туралы полицияға хабарлаған. Сатушы ұрланған гаджет тауар тұрған сөренің үстінде жатқанын көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бір сағаттың ішінде смартфонды ұрлаған адамның жеке басын анықтады. Ол 67 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Телефонға көзі түскен қарт келіншек сөрелерден белгілі бір тауарды іздеп жүргендей кейіп танытқан. Сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, смартфонды тез арада сөмкесіне салып, сауда нүктесінен шығып кетуге асыққан.
Тәртіп сақшылары гаджетті тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек