Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте прокуратураның араласуымен бюджетке 24 млн теңге субсидия қайтарылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Шымкент қаласының прокуратурасы тексеру нәтижесімен ауыл шаруашылығы саласында өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сүт өнімінің құнын төмендету бойынша ұсынған өтінімдерінде жалған ақпарат беру арқылы субсидияларды заңсыз алу фактілерін анықтады.
Қала прокуратурасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты 12 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдады.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 6 лауазымды тұлғасы, оның ішінде басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет кірісіне 24 млн теңге өндірілді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді