Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте жеке тұрғын үй секторларында жылан қаптап кетті. Бұл туралы «24kz» сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Жұрттың үрейін туғызған бауырымен жорғалаушылар, тіпті үй ішіне де басып кірген. Соңғы айда жедел құтқару жасағының көмегіне 13 адам жүгінген. Мамандар улы шұбар, оқ жыландарын аулағанын айтады. «Олардың жұп-тасу кезеңі мен, күннің ысуынан әлі де қоңыраулар көбейе түседі», - дейді.
Мәселен, былтыр көктем, жаз айларында 286 жылан ұсталған. Алайда оларды қала сыртына шығарумен ғана шектеледі. Сондықтан табиғатқа серуендеуге шыққан тұрғындарға абай болып, жыланға жақындамауға кеңес береді.
Құтқарушының бірінші міндеті – тұрғындардың қауіпсіздігі мен оның денсаулығына түскен қатерге көмек көрсету. Қазір Шымкент қаласы үлкейіп кетті. Кейінгі салынған шағын аудандарда, сырт жақтардан көп шақырту түседі. Бір үйге 3-4 мәрте барған кезіміз болған. Арнайы қызметке, мамандарға жүгініп, қоңырау шалып, көмек сұраған дұрыс, - дейді қалалық ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Рауан Дүйсенбеков.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары