Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОқиға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары №53 мекемесінде болған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Екінші атқыштар ротасының көлікті бақылап тексеру пунктінің кезекшісі, ефрейтор Нұрғали Ислямов, қарауыл бастығының кинологиялық қызмет бойынша көмекшісі ефрейтор Нұрсұлтан Кермаш және сақшы сарбаздар қатардағы Архат Сламжанов пен Думан Әбдісаттаров №53 мекеме қызметкерлерімен бірлесіп бақылау-өткізу пунктіне құрылыс материалдарын алып келген ГАЗель автокөлігін арнайы құралмен тексерген. Әкелінген ағаш және фанер тақталары жәй ағаш болмай шыққан. Тақтайлардың арасына күдікті заттар жасырылған екен. Бұны сақшылар бірден байқап, тиісті адамдарға хабар беріпті.
Көліктегі күдік тудырған заттардың арасында 24 телефон, 7 SIM-карта, 4 Airpods құлаққабы, 4 сымды құлаққап және 7 қуаттағыш құрылғы табылған. Күдікті тыйым салынған заттарды ағаш материалдардың арасына мұқият жасырған.
Аталған факті бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп, көлік жүргізушіні заңға сәйкес жауапкершілікке тарту қарастырылып жатыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер