Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСудағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері жергілікті полициямен бірлесіп шомылуға тыйым салынған орындарға патрульдеу жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірлескен рейд Ақжар су қоймасының бойында жасалды.
Бұл жолы рейдке қатысушылардың ерекше назары шомылуға келген жасөспірімдерге ауды. Осындай балалармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Ересектерге жас балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы айтылды, ал жасөспірімдерге су қоймаларында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері түсіндірілді.
ТЖ департаментінің қызметкерлері ӘҚБтК-нің 412-бабы «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» бойынша патрульдеу нәтижесінде 1 адамға хаттама толтырып, 7 АЕК немесе 24 150 теңге мөлшерінде айыппұл салды, - деп жазды ведомстводан.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері тарапынан 3 адамға ескерту жасалған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді