Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШешесін өлтірген жігіт жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы жылдың қаңтар айында 31 жастағы Дархан Жолдыбаев өзінің мүгедектігі бар 54 жастағы анасын ұйықтап жатқан жерінде аса қатыгездікпен өлтірді. Оның айтуынша, бала күнінде шешесінен көрген таяқтың өшін алмақ болған. Қылмыс барысын баяндаған прокурордың мәліметінше, Жолдыбаев пышақ алып, анасының жүрек тұсына үш рет, арқасына алты рет соққы жасаған. Кейіннен қылмысын жасыру мақсатында үй мен ауладағы жиһазды өртеп, анасының мәйітін сыртқа шығарып, дәретхананың жанындағы шұңқырға тастап, сол жерде өртеген. Бұл дерек бойынша марқұмның туыстары оның бұрыннан психикалық аурумен есепте тұрғанын, үйдегілердің бәрі одан қорқып жүргенін айтқан.
Otyrar.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, Жолдыбаев бірнеше рет ем қабылдап, бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сот-психиатриялық сараптама оның шизофрениямен ауыратынын растағанымен, туыстары бұл диагноздың тым әсіреленгенін алға тартқан. Сот Жолдыбаевты кінәлі деп танып, оны психиатриялық стационарға мәжбүрлі түрде емделуге жіберу туралы шешім шығарды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады