Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентте қараусыз қалған балалар темір жолының бойы жаңа серуен аймағына айналатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков журналистермен бірге А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алған балалар темір жолы бойын аралап, жаңа серуен аймағының тұжырымдамасын таныстырды.
Әкімдіктің мәліметінше, қаладағы балалар пойыз жолының бойы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңғыртылады. Жобаға сәйкес веложол, жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылады. Жаңа серуен аймағын 1-маусымда пайдалануға беру жоспарлануда.
Айта кетерлігі, нысан реконструкциясы қомақты қаржыны қажет етеді. Себебі, мұндай локомотивтер нарықтан табылмайды, арнайы тапсырыс қымбатқа түседі.
Серуен аймағы туралы шешімді қабылдауда осындай жағдайлар ескерілді. Демеушілер тарапынан салынатын жаңа серуен аймағы халықтың сүйікті алаңына айналады. Жалпы қалада шешімін күткен өзге де өзекті мәселелер көп. Көпқабатты үйлердегі ыстық су, ауыз су, ирригация және канализация жүргізілмеген аудандар жетерлік. Қала бюджетін осындай халыққа аса қажет жобаларға жұмсаймыз, - деді Ғабит Сыздықбеков.
Арғынбеков-Бәйдібек би жол айрығын салу кезінде темір жолдың бір бөлігі бұзылғанын ескерген қала басшысы жауаптыларға жаяу жүргіншілер жолын ыңғайлы етіп салуды тапсырды. Ал екі станса орны кәсіпкерлерге беріліп, ескі локомотив естелік ретінде сақталады. Ағаштары бүлініп, жолдары кедір-бұдыр болып, қараусыз қалған аумақ енді заманауи үлгідегі серуен аймағы ретінде пайдалануға беріледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?