10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте полицейлер өртенген үйден тұрғындарды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция дерегінше, 1 қараша түнде полиция департаментінің “102” арнасына Нұрсәт шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мен Қаратау АПБ-ның учаскелік инспекторлары барды.
Тәртіп сақшылары ойланбастан түтінге оранған ғимараттың ішіне кіріп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Инспекторлар түтін басқан пәтерлерден кішкентай балаларды көтеріп алып шықты.
Осылайша, полицейлер үйдегі барлық тұрғынды жедел әрі ұйымдасқан түрде сыртқа шығарды. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді