Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыӨ.Жәнібеков атындағы ОҚМУ-де Чехия республикасының Палацк университетінен шақырылған ғалымдардың қатысуымен оқу тәжірибе алмасу шаралары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Университетте жоғары білім беру мен ғылыми үдерісті интернационалдандыруды арттырудың негізгі индикаторларының бірі дәрістер оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тартуға бағытталған.
Европалық мамандар апта бойы «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазылым», «Инклюзивті білім беру концепциясы» тақырыптарында ғылыми семинар өткізіп, магистранттар мен докторанттармен, жас ғалымдармен пікірлесуді көздеп отыр.
Сондай-ақ, кафедраның профессор-оқытушыларына Чехия білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің рөлі мен теориялық-әдіснамалық негіздері, заманауи тенденциялары мәселелерін талқылап, пікір алмаспақшы.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді