Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкентте алғашқы неке түні қалыңдығын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, сот оны 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен айып тағылған айыпқа сәйкес, оның қылмыс жасаудағы кінәсі расталып отыр. Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.
Жаналиевке қатысты сот үкімі шықты. Ол некесін қидырған түні өліме әкеліп соққан жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтірді деп танылды. Оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.
Еске салайық, былтыр 26 маусымда Д. Қонаев гүлзарындағы пәтерден 32 жастағы әйелдің денесі табылған болатын. Марқұм әйел Н. Назарбаев зияткерлік мектебінде мұғалім боп жұмыс істеген.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер