19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шымкентте көршілерінің көлігін аккумуляторсыз қалдырған ұрлықшы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұран АПБ-ның қызметкерлері ұқсас мазмұнды арыздар бойынша бес ұрлық дерегін тіркеді. Көршілес орналасқан екі көшенің тұрғындары Қазығұрт шағын ауданының аумағында автокөлік батареяларын ұрлаумен айналысатын белгісіз біреу барын айтып шағымданған.
Арызданушылардың сөзінше белгісіз біреу түнде аулада тұрған көліктердің аккумуляторларын алып кеткен.
Полицейлер оқиға болған жерлерден күдіктіні анықтауға мүмкіндік беретін барлық айғақтарды жинады. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде әккі ұрының жеке басы анықталды.
Ол жәбірленушілердің бұрын сотталған 25 жастағы көршісі болып шықты. Ер адам шартты түрде жазасын өтеп жатқан қылмысын қайта жасап үлгерген. Қазіргі таңда, ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды.
Күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Үй-жайға немесе көлік құралына заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасалған ұрлық) бойынша жүргізіліп жатыр, – деді Тұран АПБ-ның тергеушісі Дінмұхамед Баймахан.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары