10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысының полициясы кір жуатын ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цехты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласында орналасқан заңсыз өнім дайындайтын цех қызметіне тосқауыл қойды.
Кентау қаласының екі тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендтерінің полиэтилен пакеттерін алып, оған қолдан жасалған сапасыз ұнтақтарды салған. Олар бұл әрекеттерін Шымкент қаласындағы үйді жалға алып, сонда жасаған, - делінген мәліметте.
Полиция тексеру барысында цехтан ішінде контрафактілік өнімі бар 300-ден астам қапты, сонымен қатар әрқайсысы 40 келі болатын белгісіз ұнтақ тектес заттың 13 қабын, ұнтаққа қосу үшін дайындалған тұз тәрізді заттың 5 қабын анықтады. Сонымен қатар электронды таразылар және тағы да басқа айғақты заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта жиналған материалдар Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді