18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Шымкентте «Irfin Promotions» компаниясының ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен кәсіпқой бокс кеші өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бұл сында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Таиланд, Моңғолия боксшылары өнер көрсетті.
Алғашқы жекпе-жекте Қазақстан боксшысы Бауыржан Бекмырзаев (1-0, 1 КО) өзбекстандық Дильмуроджон Тошхуджаевты (2-0, 1 КО) уақытынан бұрын ұтты.
Орта салмақта өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Қалдыбек Қалдан дебюттік жекпе-жегінде Моңғолия боксшысы Баасандорж Баичулуунудан (4-5, 2 КО) оңбай ұтылды.
Ал Азия чемпионатының жүлдегері Әлішев Аблулалим дебюттік жекпе-жегінде өзбек боксшысы Сардор Музаффаровты (4-10) техникалық нокаутпен жеңді.
Әзірге жеңілмей жүрген боксшы Жолдас Жеңісов (6-0, 2 КО) Өзбекстанның танымал боксшысы Шохбоз Толибжоновпен (2-0, 1 КО) бокстасқан еді. Ол бұл сында төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
Армат Арманұлы дебюттік жекпе-жегінде Ресей боксшысы Никита Горшковтан (6-1,1 КО) ұтылып қалды.
Қазақстандық Елшат Нығметолла (18-0-1, 6 КО) Өзбекстан өкілі Сарвар Усмоновпен (5-2, 4 КО) кездесуде жеңіске жетті.
Кешті басты жекпе-жегінің бірінде ақтаулық Самат Жетібаев (6-0, 4 КО) Азияның WBA және WBC нұсқасының чемпионы, филиппиндік Адриан Лерасан шыққан болатын. Алайда. Филиппин боксшысы бұл сында басымдық танытты.
Ал басты жекпе-жекте Түркістан облысының тумасы Нұрдос Төлебай (11-0, 9 КО) Таиландтың чемпионы Анусон Хонлюангпен (20-4-1, 16 КО) шыққан болатын. Екінші раундта Нұрдос уақытынан бұрын жеңіске жетіп, мерейі тасыды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр