Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Камерун Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодектің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы өткізу мақсатында заңсыз иемдену және сақтау) айып тағылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сотта анықталғандай, шетел азаматы Қазақстан аумағында заңсыз жүрген. Бұған дейін Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен елден шығарылғанына қарамастан, республика аумағында қалып қойған. 2025 жылдың наурыз айында «Telegram» мессенджері арқылы белгісіз адамнан психотроптық заттарды сақтау және өткізу туралы ұсыныс алған. Ұсынысқа келіскен ол Алматы қаласынан Шымкентке келіп, нұсқау бойынша қорапқа салынған жылытқышты алған. Оның ішінен жалпы салмағы 1346,01 грамм болатын α-PVP (α-пирролидиновалерофенон) психотропты заты табылған.
Сол күні полиция қызметкерлері шетелдікті ұстаған. Одан бөлек, сотталушының тұрған жерін тінту барысында электрондық таразы, «Zip-lock» пакеттері және қара түсті орағыш сияқты заттар тәркіленген.
Сотта сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтары, тінту хаттамалары, заттай дәлелдемелер мен сараптама қорытындылары негізінде толық дәлелденді. Прокурор шетел азаматына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, Қазақстаннан экстрадициялауды сұраған.
Сот үкімімен шетел азаматы кінәлі деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?