Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік2024 жылдың 11 айында Шымкентте кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 34,2%-ға өскен.Бұл туралы Өңірлі коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұл өсім ұрып-соғу, ұрлық және жол ережелерін бұзу фактілерімен тікелей байланысты болып отыр. Қылмыстардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, қала прокурорының бұйрығымен құрылған 71 «Мобильдік топ» апта сайын түнгі рейдтер жүргізуде. Жыл басынан бері 512 рейд барысында 5 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 600-ден астам бала бейімдеу орталығына орналастырылды. Оның ішінде 553 бала ата-аналарына қайтарылса, қалғандары қамқоршылыққа немесе арнайы мекемелерге жіберілді.
Мобильдік топтар сондай-ақ толық емес және тұрмысы қолайсыз отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерттеп, олардың үйлеріне апта сайын барып тексеру жүргізуде. Осы жұмыстар нәтижесінде 1300-ден астам отбасы зерделеніп, 460 отбасына көмек көрсетілді. Оның ішінде азық-түлікпен қамту және әлеуметтік көмек беру шаралары бар.
Қаладағы 280 білім беру ұйымдарында 52 мыңнан астам қатысушыларды қамтыған құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер