19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шымкентте фосфоршылар сарайының үшінші қабаты құлап, бір адам үйінді астында қалып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Arbat.media-ға сілтеме жасап.
Қазір төтенше жағдай қызметінің мамандары мен полицейлер үйінді астында қалған баланы іздестіріп жатыр.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, бала ғимарат ішіне видео түсіремін деп кірген болуы мүмкін.
Жастар қазір тик-ток түсіруге құмар. Жақында ғана „Жездуха“ деген сериалдың бір сериясы осында түсірілген екен. Клиптер түсірілген. Бала еліктегіш келеді. Сондай бір мақсатпен келген болса керек. Полиция әр бес минут сайын патрульдеп жүрген. Дегенмен, баланың аты бала, бір қуыстан өтіп кеткен болуы мүмкін,-деді ол.
Оқиға орнына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те келді.
Құтқарушылар үйінді астынан баланы іздеп жатыр.
Айта кетейік, «Фосфоршылар» сарайы жуырда қала әкімдігінің меншігіне қайтарылған болатын.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары