20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж аты аңызға айналған генералдың туғанына 123 жыл толуына орай бірқатар шара ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталмыш шараға оқу орнының, әскери-техникалық мектептің жеке құрамы және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.
Әскери колледж бастығы полковник Мақсат Ахшалов Сабыр Рахымовтың айрықша еңбегін атап өтті. Тұңғыш қазақ генералының есімі мәңгі жадымызда қалу үшін оқу орындарына, көшелер мен мектептерге аты беріліп, батырға ескерткіштер орнатылды.
Іс-шаралар Сабыр Рахымов дүниеге келген Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібелі ауылында да өтті. Оның есімімен аталатын орта мектепте әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқып, Сабыр Рахымовтың жауынгерлік жолындағы маңызды сәттерді бейнелейтін театрландырылған қойылым көрсетті, - делінген мәліметте.
Естеріңізге сала кетсек, Сабыр Рахымов Түркістан әскери округінде қызмет етіп, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кавказда, Белоруссияда және Ростов облысында шайқастарға қатысты. 1943 жылы жауынгерлік ерлігі үшін генерал-майор атағын алды. 1945 жылы наурызда Гданьск маңындағы шайқаста қаза тапты. 1965 жылы ерен еңбегі мен көрсеткен ерлігі үшін Сабыр Рахымовқа (қаза тапқан соң) Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?