19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шымкентте есіртілік масаң күйде рөлге отырған ер адам ұсталды. Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған оның бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараз тұрғыны түнгі уақытта LED-жарық шамын таққан көлікті айдап келе жатқанда полицейлердің көзіне түскен. Тәртіп сақшыларына құжатын көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан ол өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, босатуды талап еткен.
Оқи отырыңыз:
Алайда шымкенттік полицейлер ер адамның бұл әрекетіне күмәнданып, медициналық тексеруден өтуін сұраған. Ұсталған азаматтың есірткілік масаң күйде болғаны анықталған.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша тіркелді. Сондай-ақ жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 230-бабы (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұған дейін бірнеше рет алаяқтық жасағаны, жүргізуші куәлігінсіз мас күйде көлік жүргізгені және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотты болған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары