Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте 7 жасар бала биіктіктен құлап, мерт болды. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы Ирисмат Махмудов мәлім етті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
ҚазАқпараттың мәліметінше, оқиға Әл-Фараби ауданы, Есіл көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ал анасы сол сәтте жуыну бөлмесінде болған.
Оқи отырыңыз:
Дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 24 шілде күні сағат 16:20 шамасында хабарлама түсті. Өкінішке орай 2016 жылы туған ер бала оқиға орнында көз жұмды - деді Ирисмат Махмудов.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан 4 бала терезеден құлап кетті.
Қалалық ТЖД балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді