19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шымкентте екі есірткі курьерінен аса ірі мөлшерде мефедрон табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оларды әкімшілік аумақты аралау кезінде Тұран АПБ-ның учаскелік инспекторлары анықтады. Гараждардың жанында тұрған Hyundai Accent жолаушысы есірткі монодозаларын ашып отырған жерінен қолға түсті.
Көлік іші және жүк салғышынан полицейлер марихуана мен мефедрон салынған 52 ораманы тапты. Дәл сол жерде сақшылар жасырын орындарға есірткі қоюға кеткен жүргізушіні ұстады. Ол “синтетика” салынған 5 пакетті тығып үлгерген, психотроптық заттар тәркіленді. Екі дос автокөлікті заңсыз жұмысы үшін жалға алғаны анықталды. Олар әр орамадан есірткінің аз-маз бөлігін жеке тұтынуы үшін алып қалуды ұйғарғаны белгілі болды.
Бұл іспен көлікте қалған жігіт айналысып отырып, полицияға ұсталған. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу жайты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен тергеліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары