Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкент қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атындағы жаңа мектеп ашылды. Білім ұясы 3,5 мың орынға арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Нұрсат» шағынауданында орналасқан жекеменшік жалпы орта білім беру мектебіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Заманауи және типтік үлгідегі білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында басталған.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта оқушылардың пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық мүмкіндік жасалған. Білім шаңырағында спорт зал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орындыққа арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар.
Оқи отырыңыз:
Аталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған. Ерекше атап өтерлігі, білім ұясында құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия қарастырылған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді