19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кешенді іс-шара барысында қала аумағында есірткі таратумен айналысатын теріс діни ағымдағы ер адамды құрықтады.
Полицейлер күдіктіні ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырып, оны қылмыс үстінде қолға түсірді. 26 жастағы қала тұрғынынан есірткіге ұқсас хош иісті зат салынған полиэтиленді пакет табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың марихуана екенін растады.
Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Аталған азамат бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол 2019 жылы ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша, ал 2020 жылы ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотталған. Қазіргі таңда ер адам қамауда. Сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары