29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте бір топ жігіт ұрыға білместікпен көмектескен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай АПБ-ның “102” арнасына жергілікті тұрғын үйінің ауласындағы автотұрақтан мопед ұрланғанын айтып арызданды. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 400 мың теңге.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына кірісті. Жедел басқару орталығының көше камераларын тексеру кезінде ұрлық болған маңнан бір топ жігіттің мопед сүйреп шыққаны көзге түсті. Кейін, жас жігіт олардан “бұзылған мотокөлігін” жолдың шетіне дейін шығаруға көмек сұрағаны анықталды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде заң бұзушы тұрғылықты мекенжайында ұсталды, мопед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу барысында күдікті ұрланған мүлікті 2 шақырымға дейін жалғыз сүйреп, өз үйіне жеткізгені белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Абай АПБ-ның тергеушісі Мұхтархан Дүйсенбаев.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек