Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентте қала әкімдігінің бастамасымен «Көрме» орталығында тұрғындар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жүргізілді. Бағдарламаларға енгізілген өзгерістерді жеткізу мақсатында ұйымдастырылған шарада қолдау шарттары таныстырылып, 300-ден астам тұрғынға заңгерлік, бухгалтерлік кеңестер берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға ауыл шаруашылығы және ветеринария, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, туризм және сыртқы байланыстар, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының өкілдері қатысты. Сонымен қатар келушілерге «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы», екінші деңгейлі банк өкілдері, «Shymkent» ӘКК» АҚ, «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы», «Атамекен» палатасының мамандары да кеңестерімен бөлісті.
Айта кетейік, биыл қайтарымсыз гранттар ережесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр. Конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген бизнес субъектілері ғана қатыса алады.
Тізілімге енгізілетін кәсіпкерлерге жаңа талаптар бекітілген. Сонымен қатар банк несиелерін субсидиялау экономиканың басым секторларына жататын өңдеу өнеркәсібіне бағытталып отыр. Несиелендіру мерзімдері алғашқы 3 жылда - 8 %, 4 жылы - 9 %, 5 жылы - 10%.
Қызмет көрсету саласы бойынша субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылды. Несиелендіру сомасы микро бизнес – 20 млн теңгеге дейін, шағын және орта бизнес – 3 млрд теңгеге дейін, ірі бизнес өкілдері үшін – 15 млрд теңгеге дейін рәсімдеуге болады.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?