29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте 5 адам газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сағат 12:10 шамасында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына Орда көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде табиғи газдан уланы белгілерімен 5 адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде үйдің дәлізінде орналасқан газ қондырғысының жанғыш бөліктерінен жану белгілері анықталған. Сонымен қатар үйде табиғи газдың иісі шыққан.
Сондай-ақ мұржаның және жылыту қазандығының беткі қақпақ жабындысы болмаған.
Газ құбыры автоматикаға жалғанбай, тікелей қосылғандығы белгілі болған.
5 адам көмірқышқыл газымен уланды деген болжам бар. Биыл шілде айында да аталған үй газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбағаны үшін анықталған кемшіліктерге байланысты табиғи газдан ажыртылған болатын. Бүгінгі таңда сот медициналық экспертизасы тағайындалды. Нәтижесі шыққан соң хабарлайтын боламыз, - деді «Қазтрансгаз аймақ» АҚ өкілі Елдар Қуандыков.
Қаза тапқандардың арасында үш бала бар. Балалардың үлкені 16 жаста болса, кішкентайлары - 15 және 11 жаста болған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек