19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Екі адамды өлтіргені үшін Шымкент тұрғыны сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан мәлімет бойынша, 35 жастағы әйел көңілдесі және құрбысымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Арада біраз уақыт өткен соң көңілдесі мен құрбысы бір-біріне қызығушылық таныта бастаған. Айыпталушыға бұл әрекет ұнамай, алдымен ескерту жасаған, оның бұл сөзіне жігіт дөрекі жауап берген. Ашуға мінген әйел пышақ алып, оны алдымен жігіттің арқасына, сонан соң құрбысына сұғып алған.
Ер адам оқиға орнында көз жұмса, жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Екі адамды пышақтап өлтірген әйел сол күні ұсталды. Ол кінәсін мойындаған.
Сот оған 15 жыл және алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары