29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШымкентте аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған жігіт түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен қала аумағында есірткі заттарын тасымалдау күдігі бойынша 25 жастағы жігіт тоқтатн болатын. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері ер адамның жеке басын тексеру барысында есірткіге ұқсас заттар салынған 101 орама тәркіледі.
Сараптама қорытындысы алынған заттардың аса ірі мөлшердегі мефедрон психотроптық заты екенін растады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеп, тергеу амалдарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тергеушілер күдіктінің кінәсін толық дәлелдеп, қылмыстық іс-бойынша жинақталған құжаттар мен айғақтарды сотқа жолдады. Сот шешімен жергілікті тұрғын 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек