29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСпорттық атудан Азия конфедерациясы (ACS) спорттық нысандардың техникалық дайындығы мен жабдықталу барысын тексеу барысында Қазақстандағы екі ату нысанын халықаралық талаптарға толық сай деп таныды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атап айтар болсақ, Халықаралық ату спорты федерациясы Шымкенттегі Shooting Plaza және Алматыдағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубының әлемдік талаптарға 100 пайыз сай келетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ кездесу барысында Спорттық атудан Азия конфедерациясының президенті Сальман Сабах әл-Сәлем әл-Хомуд әл-Сабах Шымкенттегі ату кешені 2026 жылы стенд атудан лицензиялық әлем кубогін қабылдауға дайын екенін жеткізді. Одан бөлек, аталған кешенде 2025 жылғы Азия біріншілігі ұйымдастырылады.
Мұндай ірі көлемдегі спорттық жарыс Шымкентте алғаш рет өткелі тұр. 2025 жылғы Азия біріншілігіне 2500-ге жуық спортшы мен ресми тұлға келеді деп күтілуде.
2024 жылдың қыркүйегінде Әлем кубогы кезеңі Алматыда өткізіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек