29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2025 жылы көпшілік асыға күткен World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы зор жетістікке жетті. Ливерпуль төрінде отандастарымыз 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Солардың қатарында Шымкент қаласының мақтаныштары – ағайынды Сабырхандар да бар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шымкентке оралған спорт саңлақтарын қала әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Дарменов, қалалық бокс федерациясының вице-президенті Қанат Орақбаев, сондай-ақ туыстары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.
2023 жылы Ташкент төрінде чемпион атанған Махмұд Сабырхан бұл жолы да алтыннан алқа тағып, әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал оның бауыры Төрехан Сабырхан алғаш рет жеңімпаз атанып, қазақтың тәуелсіз тарихында 19 жасында әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы ретінде есімін жазды. Бұл жетістіктің артында олардың бапкері – Ілияс Оралбековтің еңбегі зор.
Жалпы, айтулы додаға 68 елден 540 спортшы қатысқан болатын. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасында өз тарихындағы үздік үшінші нәтижесін тіркеді.
Алдағы уақытта боксшыларымызды Әлем кубогының финалдық кезеңі, Азия чемпионаты және 2026 жылы Нагояда өтетін жазғы Азия ойындары секілді ірі жарыстар күтіп тұр. Сондай-ақ «Тұманды Альбионнан» кейінгі кезекті әлем чемпионатын 2027 жылы Қазақстан қабылдайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек