Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентте «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ұйымына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұнда кәсіпорынның жұмысын кеңейту, жуықта МАЭК-те болған апат сияқты жағдайлардың алдын алу мәселелері қаралды. «Энергетикалық қауіпсіздік бойынша ПҚОП-тың жеке қосалқы станциясы болуы тиіс. Жобаны мақұлдау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, зауытты үздіксіз қуатпен қамту мақсатында, қаланың мүмкіндіктерін ескере отырып, желілер салынады», - деді Нұрлан Жақыпов.
Өз кезегінде компания басшылығы АИ-95 маркалы жанармай өндірісі қайта жанданғанын мәлімдеді. Алайда ол әзірге қоспамен шығарылады.
Келесі жылы ақпанда жаңа жылу алмастырғыш сатып алынған соң өндіріс толықтай қалпына келтіріледі. Жаңа құрылғыны дайындау үшін біраз уақыт қажет.
Сонымен қатар Қор басшысы мен Шымкент әкімі әлеуметтік жобаларды да талқылады. Бүгінгі таңда Қордың демеушілігімен Шымкентте 1,6 млрд теңгеге 24 қайырымдылық жобасы атқарылған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?