10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан полициясы күніне орай Шымкенттегі үш мектепте "Жас сақшы" сыныптары ашылды. Оларға қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшылары Нұраш Байтіленов, Нұржан Шойынбаев және Тайыр Шералиевтің есімдері берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыныптардың ашылу салтанатында №89, №90 және №135 мектептердің 75 оқушысы ант қабылдап, кадет атанды.
Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов пен Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Думан Таев қатысты.
Олар жас сақшыларды құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар мектеп оқушыларын білімді табандылықпен игеруге және өздерінде адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге шақырды.
Полиция департаментіндегілер мектептерде "Жас сақшы" сыныптарын ашу оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етеді деп отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді