Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте 4 жасар баланың қолы ет тартқышта қалып қойған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Құтқару қызметінің «112» нөмеріне 22 шілдеде сағат 19.02-де «Тұран» шағынауданында орналасқан Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-құтқару жасақтың құрамында 4 адам бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетті. 4 жасар ер баланың қолын ет турағыш құралы шайнап қалғаны, соның салдарынан қолын шығара алмай жатқанын анықтаған.
Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болғандықтан құтқарушылар оны оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді