20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қалаға жаңа стадион салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғабит Сыздықбеков Шымкентке жаңа стадион салу мәселесі өте өзекті екенін айтады. Ол биыл Шымкенттегі «Ордабасы» футбол командасының өз тарихында алғаш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанғанын да атап өтті.
Қаламыздың бас жоспарында жаңа стадион салатын орын белгіленген. Қазір жер телімін заңдастыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы ол стадион 35 мың адамға арналған. Бірақ қазіргі таңда нақты қай кезеңде бастайтынымыз туралы айта алмаймын, - дейді ол.
Шымкент қаласының әкімі бұл мәселені жуық арада қолға аламыз деп сендірді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?