Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 1999 жылдың тамыз айында болған. Жеке үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткердің мәйіті табылған. Сараптама марқұмның тұншығып өлгенін көрсетті. Күдіктінің көршілес елде басқа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу "адам өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Одан бөлек, сол қалада қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды.
Күдікті 2009 жылы үш адамға оқ атып, соның салдарынан біреуі қаза тапқан. Бұған қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда. Материалдар сотқа жіберілді, - деді Руслан Назаров.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер