10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы102 қызметіне Тұран ауданының тұрғыны хабарласып, белгісіз адам кішкентай қызын алдап, алтын сырғасын алып кеткенін айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аулада ойнап жүрген 7 жасар қыздың жанына белгісіз біреу келіп, анасының құрбысымын деп таныстырып, құлағындағы қымбат сырғасын шешіп алған. Қыз балаға балмұздақ алып беремін деп оқиға орнынан ізін суытқан.
Полиция Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеушілер барлық куәгерден жауап алып, оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Нәтижесінде олар күдіктінің кім екенін анықтап, оны 2 тәулікте ұстады.
Тұран аудандық ПБ-ның тергеушісі Нұрдәулет Аязхановтың айтуынша, 23 жастағы қыздың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар. Бұған дейін ол тағы бір кішкентай қыздың алтын сырғасын иемденіп, қарт әйелдің телефонындағы онлайн-банкинг арқылы өзіне ақша аударып алған.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді