Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖыл басынан бері Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі 84,8 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6 пайызға өскенін көрсетеді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков брифингте айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бекітілген межені орындау үшін қалаға тартылатын инвестицияны 32%-ға арттыруды көздеп отырмыз. Жоспар бойынша биыл 721,7 миллиард теңге инвестиция тартылатын болады,-деді Береке Дүйсебеков.
Ол мегаполисте 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн.теңгеге 227 инвестициялық жобалардың базасы жасақталғанын, осының нәтижесінде Шымкентте тағы 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатынын айтып өтті. Оның ішінде жыл соңына дейін 129 млрд.теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орны құрылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?