19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шымкентте полицейлер үш притонды жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, арнайы операция жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. 31 жастағы әйел притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған. Онда интимдік қызмет көрсететін 10 қыз болған, оның біреуі кәмелет жасқа толмаған қыз екені белгілі болды. Олар Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары.
Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында ірі мөлшерде мефедрон тәркіленді.
Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.
Күдікті әйел қамауға алынды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары