20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКөлік министрі Шымкентке жұмыс сапары кезінде қалалық әуежайдың жаңа терминалының құрылысын және теміржол вокзалындағы қайта құру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарланғандай, жеке инвестор – «SCAT авиакомпаниясы» АҚ ХХ ғасырдың ортасынан бастап жұмыс істеп келе жатқан әуе айлағында ауқымды жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта мұнда ауданы 35 мың шаршы метр жаңа 4 қабатты терминал салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол өткізу қабілетін сағатына 150-ден 4000 жолаушыға дейін арттырмақ.
Қолданыстағы терминалдың ауданы 9 есе аз. Жүктеме лимиттен асқанға қарамастан, Шымкент әуежайы 2023 жылдың 10 айында 1,5 млн жолаушыға қызмет көрсете алды. Жаңғырту жұмыстарының қорытындысы бойынша нысанның жылдық қуатын 6 млн адамға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Инвестициялық пакет шеңберінде әуе кемелерін орналастыру және оларға техникалық қызмет көрсету үшін ангар, автобаза және жүк-терминал салу, такси жолын реконструкциялау сияқты қосымша жұмыстар көзделіп отыр.
Алайда, осындай ауқымды жобада небәрі 113 жұмысшы жұмыс істейтіні белгілі болды. Бұл жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауға кері әсерін тигізетіні анық. Осыған ұқсас жағдай Шымкент теміржол вокзалында да анықталды. Ол жердегі жөндеу жобасында небәрі 20 адам жұмыс істейді. Осыған байланысты көлік министрі жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқынын арттыруды тапсырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?