Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкент полицейлері Макаров тапаншасынан оқ атудан сайысқа түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, құралайды көзге атқан мергендерді анықтау үшін полиция департаментінің бастығы Думан Таевтің нұсқауымен жедел қызметкерлер арасында Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өтті. Сайысқа криминалды полицейлер, экстремизмге қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармалары және аудандық полиция басқармалары мен патрульдік полицейлер қатысты.
Нысанаға дөп тию үшін қырағылықты, дәлдік пен ептілікті қажет ететін жарыста ең үздіктер жеңіске жетті. Командалық есепте Еңбекші ауданының полицейлері І орын, криминалистер ІІ орын, Тұран АПБ-ның сақшылары жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Ал ерлер арасындағы бәсекеде криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Алексей Фомичев үздік шықса, әйелдерден Еңбекші АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Альмира Амирова топ жарды. Жеңімпаздарға департамент бастығының атынан грамота мен медальдар табыс етілді.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді