Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсШымкентте белгілі сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің 75 жылдығына арналған «Шымкент думан» республикалық әзіл-сықақ фестивалі өтті. Екі күнге созылған думанды дода әзілсүйер қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға Алматы қаласы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан да театр ұжымдары келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фестиваль аясында қазақ сатира өнерінің майталмандары Бауыржан Ибрагимов бастаған қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, ең мықты ұжымдарды анықтады.
Қаа әкімдігінің мәліметінше, қазылар алқасының шешімімен Қызылорда облысының «Күлкістан» әзіл-сықақ театры Бас жүлдеге ие болды. Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры I орын, «Тарту» халықтық әзіл-сықақ театры (Түркістан қаласы) II орынға лайық деп танылды. Көпен Әмірбек атындағы арнайы жүлде – Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры ұжымына берілді.
Барлық жеңімпаз және жүлдегерлер қаржылай сыйақылармен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен кейін фестиваль мерекелік концертке ұласты.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды