10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖүк ұшағы Париж бағытынан Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет қонды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Париж-Шымкент-Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы "FTL airlines" француз жүк тасымалдаушысы арасындағы уағдаластықтар аясында Шымкент әуежайында ұйымдастырылды.
Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкентке жүк авиатасымалдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам болады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы халыққа жолдауында Қазақстанның Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс екеніне тоқталған болатын. Көлік-логистика саласы елдің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы қажет.
Шымкенттегі "Сауда-логистикалық орталық" аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92-ден 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда мұнда жалпы құны 25,2 млрд. теңге болатын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 285 жұмыс орны ашылды.
Қазіргі уақытта жалпы құны 59 млрд теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның пулы құрылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді