Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әкімшілік ғимаратының алдында белгісіз біреулер қарудан оқ атып, ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Михаил КозачковTelegram арнасында жазба жариялады.
Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті. Ол жарақат алып, қазір ауруханада жатыр.
Оқ атқан адам ұсталды, - деп жазды ол.
Кейбір нақтыланбаған мәліметтер бойынша оқыс оқиға бүгін кешкі сағат 20:30-да Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында болған. 1994 жылы туған азамат "Сайга-12" маркалы қаруынан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің аяқ-қолының төменгі бөлігіне қарай үш рет оқ атқан. Жарақат алған Руслан Берденов ауруханаға жеткізілді. Алдын ала диагноз – "оң жамбас және иық тұсынан оқ жарақаты".
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер