Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан, Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы “Спутник” гүлзарына арнайы барып, коммуналдық сала қызметкерлерін халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Күнделікті жүргізілетін тазалық шараларының халықтың қолайлы тіршілігіне айрықша әсер ететіне тоқталып, еңбеккерлерге алғысын білдірді.
Сіздер күнделікті жұмыстарыңызбен қаламыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Демалыс, мереке күндеріне қарамастан, тазалықты қамтамасыз етіп, қаланың жасыл желекке орануында игілікті істер атқарып отырсыздар. Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, – деді Ғ.Сыздықбеков.
Тұрғындар өз кезегінде қала әкіміне озық үлгіде бой көтерген жаңа демалыс аймағы үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, былтыр Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесуде жергілікті азаматтар саябақ салу мәселесін көтерген болатын. Өтініштер ескеріліп, жаңа гүлзар пайдалануға берілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді