10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкент әкімі 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында халықаралық деңгейде қаламыздың абыройын асқақтатып жүрген дарынды оқушылармен кездесті. Олар олимпиада мен ғылыми жобаларда, шығармашылық байқауларда топ жарып жүрген, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үнемі ізденіс үстінде жүретін мектеп оқушылары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, биыл оқушылар халықаралық және республикалық деңгейдегі білім бәйгелерінде 38 медаль иеленді, оның 20-сы — халықаралық байқаулар мен жарыстардан түскен жүлделер.
Соңғы жылдары мектеп оқушылары математика, физика, информатика және компьютерлік жобалар бағытында барлығы 64 медаль алып, жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Бұл жетістіктер қаламыздың білім саласындағы беделін арттыруға өз үлесін қосуда - деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Ашық диалог форматында өткен кездесу барысында қала басшысына оқушылар өз жобаларын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті және өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әрқайсысына ерекше тоқталып, олардың жетістіктерін мақтан тұтатынын атап өтті. Себебі жас өрендер — еліміздің болашағы, әрі бүгіннің өзінде елдің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Сонымен қатар мегаполис басшысы әрбір жетістіктің артында тек талант емес, еңбекқорлық, табандылық және ұстаздар мен ата-аналардың өлшеусіз еңбегі тұр. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетіп жүрген мұғалімдер мен ата-аналарға шынайы ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында қала әкімі оқушыларға Алғыс хаттар мен 100 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табыстады. Мұнан соң Ғабит Сыздықбеков жас жеткіншектерге алда биік белестерді бағындыруға, өз күшіне сенуге және алға қойған мақсаттарына жетуге сәттілік тіледі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді