Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЛиверпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына алтын салған ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға Шымкентте құрмет көрсетілді. Қос спортшыға демеушілер есебінен пәтер мен көлік берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Кездесуде спортшылар алған әсерлерімен бөліссе, қала басшысы олардың тамаша жетістіктерінің бүкіл ел үшін маңызды екеніне тоқталды.
Айта кетсек, Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс, екі қола медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жетті. Бұл рекорд қазақстандық спорттың шежіресіне енеді. Дүбірлі додада ағайынды Сабырхандар ел намысын қорғап, Қазақстан туын көтерді. Махмұд Төрехан тұғырдың ең биік сатысына екінші рет көтерілсе, небәрі 19 жастағы інісі Төрехан тұңғыш рет әлем чемпионы атанып, төл тарихта қалды.
Шаһар басшысымен кездесуге келген өзге спортшылардың да жетістіктері жетерлік. Мәселен, Бангкок қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар-Әли Бегалиев алтын алса, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев Абайдың 180 жылдығына арналған турнирде және үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбеков әскерилер арасындағы қазақ күресінен чемпион атанды.
Ерік-жігер, тәртіп пен спортқа деген адалдық осындай нәтижелерге жетелейді. Спортшыларымыздың жетістіктері жастарды шабыттандырады және Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтады, - деді қала әкімі.
Кездесу соңында бокстан әлем чемпиондары Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға пәтер мен су жаңа көлік берілді. Ал өзге спортшыларға пәтер кілттері табысталды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?