10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКатонқарағай ауданында «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық айтыс өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл поэзиялық сайыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ауқымды фестиваль аясында өткізілді. Айтыс сахнасына Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген танымал ақындар шықты. Қатысушылардың қатарында республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаздары, «Алтын домбыра», «Асыл домбыра» иегерлері мен мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары болды.
Жыр додасы екі кезеңнен тұрып, ақтық сынға үздік жұптар шығып, шешуші айтыс өткен еді. Айтыс аралығында көрермендер «Назқоңыр», «Дарабоз» вокалдық топтарының және мәдениет пен өнер саласының көрнекті өкілдерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады. Қорытынды сөз сөйлеп, бас жүлдені ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.
Шара түркі дүниесінің мәдениеттерін тоғыстырған, қазақтың айтыс өнерінің рухани құндылығы мен мәртебесін көтерген айтулы оқиға болып отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді