Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШығыста 13 ауылды сел басуы мүмкін.Су басу қаупі Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандарында және Риддер қаласында байқалады, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған аудандар аумағындағы тау басында 13 ауылға қауіп төндіретін 144 мұздақ көл бар. Бұдан бөлек, аймақтағы 9 сырғыма жүру учаскесі тиісті мамандар бақылауында.
Негізінен, автомобиль жолдары маңындағы тау етегі, Риддер қаласына қарасты Уба, Громотуха, Алтай ауданындағы Бұқтырма, Хамир, Черновая, Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма және Зайсандағы Кендірлік өзен бассейні қауіпті, - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен.
Өскемен мен Катонқарағай екі ортасында күнделікті қатынайтын Дамир Сейтқановтың сөзінше, қалың жаңбырдан соң Тереңсай асуы маңынан аққан сел тасжолды шайып кетіп жатады. Тау етегіндегі бірнеше ауылға да қауіп төндіретін көрінеді.
Бұл ретте құтқарушылар сел жүруін ескертіп, тыйым салатын белгілер орнатып, жергілікті тұрғындарға, үйі апатты жерде орналасқандарға, әкімдіктерге 92 нұсқаулық таратқан.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?