19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасына шығысқазақстандық 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда, Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін Telegram мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания атанып, салымшылардан заңсыз ақша алған.
Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды, – делінген хабарламада.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары